17 сәу, 2021 сағат 07:55

Нидерландыда карантин талабын бұзғандарға жазаны қатайту ұсынылды

Нидерландыға келіп, карантин талаптарын бұзған саяхаттаушыларға 435 еуро көлемінде айыппұл салынады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Нидерландының Денсаулық сақтау министрлігі парламентке коронавирустың тарау деңгейі бойынша «қызыл» және «сары» аймақтағы елдерден келіп, карантин талаптарын бұзған азаматтарға қолданылатын жазаны қатайтуды қарастыратын заң жобасын ұсынды. 

Егер Парламент депутаттары Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынысын бекітсе, өзгерістер биылғы жылдың 15 мамырынан бастап күшіне енеді. 

435 еуро көлемінде айыппұл салу, істі болды дегенді білдіреді. Қазіргі таңда әлем елдерінің басым бөлігі кіріп отырған «қызыл» немесе «сары» аймақтағы елдерден келген адамдар 5 тәуліктен соң ПТР тестінің теріс көрсеткіші болмаса 10 тәулікке карантинге жатқызылуы керек. 

Алайда осы жағдайға жүргізілген зерттеу жұмыстары санитарлық талаптарды шетелге шығып қайтқандардың тек әрбір бесіншісі ғана орындайтынын көрсетті. 

«Біздің саяхатқа шығатын мүмкіндігіміз бар, алайда біз шекара асқандардың елімізге мутацияланған вирустарды әкеліп жатпағанына сенімді болуымыз керек», - деді Нидерландының Денсаулық сақтау министрі Де Йонг. 

Саяхаттаушылардың карантиндік декларациясы болуы керек. Онда олардың карантинде қай жерде болатыны көрсетіледі. Тексеру телефон арқылы жүргізіледі немесе жергілікті кеңестер шетелден келген азаматтардың карантин талаптарын сақтап жатқандығын білу үшін арнайы лауазым иелерін жіберуі мүмкін.