15 мам, 2019 сағат 15:19

Непалдық азамат Эвересті 23 рет бағындырып, әлемдік рекорд орнатты

Гималайда тіршілік кешіп жатқан непалдық шерп ұлтының өкілі өмірінде 23 рет Жердің ең биік нүктесі - Джомолунгма шыңына шығып (Эверест), әлемдік рекорд орнатты. Бұл туралы сәрсенбі күні Kyodo ақпарат агенттігі хабарлады.

Аталып өтілгендей, 49 жастағы шерп Ками Рита Эвересті кезекті рет бағындырып, бір жыл бұрын орнатқан рекордын жаңартты. Жергілікті билік оның биіктігі 8848 метрді құрайтын Джомолунгма шыңына 07:50 минутта шыққандығын мәлімдеді.

Ками Рита мұның алдында бұл тауға 2018 жылдың 16 мамырында көтерілген еді.