15 сәу, 2021 сағат 18:56

Недовесов пен Голубев Хорватиядағы турнирдің жартылай финалына өтті

Қазақстандықтар Александр Недовесов пен Андрей Голубев жұптық сында Хорватиядағы Сплит 2 челленджер турнирінің жартылай финалына өтті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қазақстандық жұп ширек финалда чехиялықтар Зденек Колар – Лукаш Росолмен шеберлік байқасты. 

Недовесов бұдан бұрын Сплиттегі дәл осындай челленджер жарысының жартылай финалында қарсыластарын тізе бүктірген болатын.

Матч бұл жолы да тартысты өрбіді.

Бірінші партияда чехиялық жұп басымдылық көрсетті – 6:3.

Екінші сетте қазақстандықтар дәл осындай есеппен қарымта қайыра білді.

Тай-брейкте Недовесов пен Голубев жеңіске жетті – 10:8.

Бәсеке 1 сағат 19 минутқа созылды.

Қазақстандық жұп финалға шығу үшін Польша өкілдері Шимон Валков – Ян Зелинскимен таласады. Қазақстандықтар бұдан бұрын Сплитте осы жұппен финалда кездесіп, жеңіске жеткен болатын. 

Вальков – Зелински ширек финалда хорватиялықтар Дуже Айдукович – Фран Нинчевичті 6:0, 6:4 есебімен ұтты.