17 қыр, 2020 сағат 15:44

Назарбаев үміткерлерге дауыс беру үшін «Праймериз» жүйесіне тіркелді

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Праймериз» жүйесіне тіркелді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат"

Бұл жөнінде Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай мәлімет таратты. 

«Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев кандидаттардың сайлауалды бағдарламасымен танысып, дауыс беру процесіне қатысу үшін«Праймериз» ақпараттық жүйесінде авториязациядан өтті. Өздеріңізге белгілі, праймериздің онлайн дауыс беру рәсімі биылғы жылдың 1-3 қазан аралығында өтеді» деп жазды Айдос Үкібай Twitter парақшасында. 

Айта кетейік, партия лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен «Nur Otan» праймеризі еліміздің партиялық-саяси даму тарихында тұңғыш рет республикалық партияішілік сайлау ауқымында өтеді.