26 там, 2021 сағат 20:14

Назарбаев «Самұрық-Қазына» басқармасының төрағасын қабылдады


Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесуде Қазақстанның Тұңғыш Президентіне «Самұрық-Қазына» қорының өндірістік және қаржылық көрсеткіштері туралы баяндалды.

А.Сәтқалиевтің мәліметі бойынша биылғы 7 айда уран саудасында, электр энергиясын өндіруде, сондай-ақ контейнерлік тасымалдауда көрсеткіштердің оң қарқыны байқалуда.

Елбасыға Қор тобындағы кәсіпорындардағы вакцинациялау процесі мен санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік шаралары туралы мәлімет берілді.

Кездесу қорытындысы бойынша «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңестің Төрағасы бірқатар нақты тапсырма берді.