Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.
Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинге биылғы 25 тамызда Краснодар өлкесіндегі жол-көлік оқиғасы салдарынан автобустағы көптеген адамның қаза болуына байланысты көңіл айтты.
«Қаза болғандардың туыстары мен жақындарына қолдауым мен ниеттестігімді жеткізуді сұраймын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектестік білдіремін», – делінген жеделхатта.