Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Парламентінің алтыншы шақырылымының үшінші сессиясын бастады, - деп хабарлайды kaz.tengrinews.kz тілшісі.
Астанада Парламент палаталарының біріккен отырысы басталды.
"Құрметті депутаттар, барлық қатысушылар, ҚР Конституциясының 59-бабына сәйкес үшінші сессияны ашық деп жариялаймын", - деді Мемлекет басшысы.
Отырысқа Парламенттің екі палатасы да қатысып жатыр, сонымен қатар Қазақстан үкіметінен өкілдері де бар.