29 мау, 2021 сағат 16:24

Назарбаев Мәскеуде Путинмен кездесетін болды


Мәскеуде Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Ресей көшбасшысы Владимир Путинмен кездесуі өтеді. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай мәлімдеді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"30 маусымда Мәскеуде Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Федерациясының президенті Владимир Путиннің кездесуі өтеді. Келіссөздер барысында ЕАЭО-ны одан әрі дамыту перспективалары мен өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылау жоспарланып отыр, - деп жазды Айдос Үкібай Twitter-де.