ҚР Президентi Нұрсұлтан Назарбаев ЭКСПО-2017 көрмесінің ашылу рәсімінде EXPO ғылыми жаңалықтар көрмесi ғана емес, ол барлық елдер мен өркениеттердi жалғайтын алтын көпiр екендiгiн айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.
«ЭКСПО осыдан 166 жыл бұрын өткен тұңғыш көрмеден берi әрдайым жаңа идеялардың бесiгi болып табылады. Алғашқы телефон, көлiк, компьютер, жер серiгi мен атом электр станциясы сияқты жаңалықтың барлығының тұсауы осындай ЭКСПО-да кесiлген. Сол елеулi iстi жалғастырған Астана әлемдiк инновациялық орталықтың бiрi ретiнде танылады деп сенемiн. ЭКСПО - ғылыми жаңалықтар көрмесi ғана емес, ол барлық елдер мен өркениеттердi жалғайтын алтын көпiр. Қазақстан көрменi жоғары деңгейде өткiзу үшiн жан-жақты дайындалды», - дедi Елбасы.
Мемлекет басшысының айтуынша, көрмеге арналып алдыңғы қатарлы технологиялық инфрақұрылым, ЭКСПО қалашығы салынды. 100 астам сәулеттi ғимарат бой көтердi. Астананың әлеуеттiк саласы да даму жолында тың серпiнге ие болды. Қалада жаңа әуежай, жаңа теміржол вокзалы пайдалануға берiлдi. Әлемдiк деңгейдегi қонақүйлер, мәдени ойын-сауық кешендерi ашылды. Осының барлығы ЭКСПО-дан кейiн де елдiң игiлiгiне қызмет ететiн болады.
Естеріңізге сала кетсек, «Болашақ энергиясы» тақырыбындағы ЭКСПО-2017 көрмесі Астанада 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында өтеді. Шара аясында 3 мыңнан астам мәдени шара ұйымдастырылмақ. Олардың қатарында 40-тан астам ғылыми конференция мен ірі форумдар, 126 ұлттық идея бар. «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне еліміз 28 жоба ұсынбақ. Көрмеге барлығы 2,4 миллион адам келедi, олардың 15 пайызы шетелдік турист болады деп болжанып отыр. Әлемдік деңгейдегі шараға 115 мемлекет пен 21 халықаралық ұйым қатысады деп жоспарлануда.