Ауа райының бұзылуына байланысты синоптиктер екі өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
11 қыркүйек күндіз Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде нөсер жаңбыр жауып, 12 қыркүйек түнде кей жерлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, дымқыл қар) болады. Кей жерлерде тұман түсіп, найзағай ойнайды. Күндіз бұршақ жауады. Батыстан және солтүстік-батыстан соққан желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.
11 қыркүйекте Өскемен қаласында күн күркіреп, күндіз бұршақ жауады. Күндіз батыстан және солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.
Осы күні Семей қаласында найзағай жарқылдап, күндіз бұршақ жауады. Күндіз батыстан және солтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.
11 қыркүйек күндіз Қызылорда облысында cолтүстіктен және солтүстік-шығыстан соққан желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с болады.