2018 жылы қазақстандықтар Наурыз мейрамында 5 күн демалады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Елімізде демалыс күндері 21-нен 25 наурызға дейін жалғасады. Қалыптасқан дәстүрге сәйкес, жұртшылық бұл жылы да Наурызда үш күн - 21-23 демалыс алады.
Биыл 23 наурыз жұма күнге тұспа-тұс келіп отыр, сондықтан мереке күндеріне сенбі (24 наурыз) мен жексенбі (25 наурыз) де қосылады.
Жалпы, наурыз айы қазақстандықтарға 13 демалыс күнін сыйламақ.