Ұлыстың ұлы күнінде еліміз бойынша қарттар және балалар үйінде тегін мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылады. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Жалпыұлттық ауқымдағы негізгі іс-шаралар 21 наурызда Мемлекет басшысының Қазақстан халқын құттықтауынан бастау алады. 23 наурызда бүкіл ел бойынша «Қайырымды ұлт» ауқымды қайырымдылық акциясы ұйымдастырылады. Ооның аясында балалар үйінің тәрбиеленушілері, мүмкіндігі шектеулі балалар мен қарттар үшін көшпелі концерттерді өткізу қарастырылуда. Акцияға еріктілер, мәдениет өкілдері мен меценаттар тартылуда», - деді Нұрғиса Дәуешов ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.