13 мау, 2021 сағат 11:36

НАСА супер зымыранының фотосуреттері алғаш рет жарияланды


НАСА америкалық ғарыш агенттігі өзінің астронавтары осы онжылдықта Айға ұшатын аса ауыр зымыранын толық жинап, әлемге алғаш рет көрсетті, деп хабарлайды ВВС агенттігі.

Флоридадағы Кеннеди ғарыш орталығының инженерлері супер зымыранның барлық үш негізгі элементін бірінші рет біріктіре отырып, Space Launch System (SLS, Ғарыштық ұшыру жүйесі) зымыранының 65 метрлік негізгі сатысын екі үдеткіштің арасына түсірді.

NASA биыл осы зымыранның алғашқы ұшырылымын жоспарлап отыр.

«Артемида-1 миссиясы» деп аталатын бұл ұшырылым барысында SLS зымыраны жаңа буындағы «Орион» ғарыш кемесін айға апарады. Онда астронавттар болмайды: NASA алдымен бүкіл жүйені ұшқышсыз режимде сынап көргісі келеді, содан кейін ғана 2023 жылы оны борттағы адамдармен бірге ұшырмақ.