04 жел, 2017 сағат 11:52

Нағыз еңбек сіңірген қайраткер мен жас орындаушыны тең қойып жүрміз - Мұхамедиұлы

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы елімізде "Оскарға" ұқсас сыйлықты енгізу қажеттілігіне қатысты пікірін білдірді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпаратTengrinews.kz агенттігіне сілтеме жасап.

"Бізде еңбегі сіңген қайраткер атағы әртістерге және дәрігерлерге, агрономдарға беріледі - олардың барлығы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері. "Қазақстанның Халық әртісі" мен "Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі" атақтарын қайтару қажеттігі туралы да айтылған еді. Сіздердің айтып отырғандарыңыз дұрыс, қазіргі уақытта бізде тек үш КСРО Халық әртісі бар - Бибігүл Төлегенова, Асанәлі Әшімов пен Әлібек Дінішев. Анатолий Молодов та осы атақты алған еді, бірақ, өкінішке қарай, ол осыдан бір апта бұрын дүниеден озды. Бізде осы түрімізбен сахнада еңбек сіңірген қайраткер мен жас орындаушыны да еңбек сіңірген қайраткер деп санайтын боламыз", - деді Мұхамедиұлы депутаттың сауалына жауап бере отырып.

Сондай-ақ, министр АҚШ-тағы сыйлықақыларға қатысты ойын айтты.

"Бізге барлығы АҚШ-та "Қазақстанның Халық әртісі" мен "Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі" сияқты атақтардың жоқ екенін мысал ретінде айтып жатады. Бірақ онда "Грэмми", "Оскар" сияқты категориялар бар ғой. Ал бізде ондай сыйлық жоқ. "Оскар" жүлдесін енгізе алмайтын шығармыз. Бізде басқа категория", - деді министр.