Фото: © pixabay
«Крыша ТурДома» телеграм-каналында Хургададағы Сахл Хашиш шығанағында австриялық туриске акуланың шабуыл жасаған жерінен жаңа видеолар пайда болды. Куәгерлер оны редакцияға жолдады, - деп хабарлайды kaz.tengritravel.kz порталы Tourdom сайтына сілтеме жасап.
Роликтердің бірінде SUP-бордта ер адамның жәбірленушіге қалай бет алғанын көруге болады, ол тақтаны пайдаланып, әйелді пирстерге жеткізе алды. Екінші роликте есінен танып қалған австриялықты пирс бойымен жағалауға апаратын сәт түсірілген, онда жедел жәрдем күткен.
Хургададағы Сахл Хашиш шығанағында акулалардың шабуылына байланысты екі турист қаза тапты. Олардың бірі – Австрия азаматы. Кейінірек екінші дене табылды. 3 шілдеде Румыния Сыртқы істер министрлігі Мысырда демалу кезінде акула шабуыл жасаған румын азаматының өлімі туралы ақпарат алғанын хабарлады.