Мысыр президенті Абдель Фаттах ас-Сиси елде төрт жыл бұрын енгізілген төтенше жағдай режимін үш айға ұзартты. Бұл туралы Al-Ahram газеті хабарлады.
Үкімет тарапынан мақұлданған жарлық бүкіл республика бойынша өз күшіне 25 сәуір күні жергілікті уақыт бойынша сағат 01:00-ден бастап күшіне енген. Атап өтілгендей, бұл шешім «елдегі қауіпсіздік пен денсаулық сақтау жағдайына байланысты» қабылданды. Президент директивасына сәйкес, қарулы күштер мен ІІМ-не «лаңкестік қаупіне қарсы тұру, оның қаржыландырылуына жол бермеу үшін тиісті шаралар қолданып, республиканың бүкіл аумағында қауіпсіздікті қамтамасыз ету, мемлекеттік және жекеменшік мүлікті, сондай-ақ заматтардың өмірін қорғау» туралы бұйрық түсті.
Мысыр елінде төтенше жағдай 2017 жылдың 25 cәуірінде Танта және Александрия қалаларындағы шіркеулерде болған лаңкестік әрекеттерден кейін енгізілді. Оқиға салдарынан 45 адам қаза тауып, 120 адам зардап шекті.