Үкімет басшысының орынбасары, ауыл шаруашылғы министрі Асқар Мырзахметов ҚР Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сынына жауап берді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" kaz.tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.
Мұның алдында Қасым-Жомарт Тоқаев Асқар Мырзахметовты ауыл шаруашылығын дамыту үшін белсенді шешімдер қабылдауға шақырған болатын.
"Әр министр келіп, жаңа бағдарлама жасайды. Бұл бағдарлама емес, жақсы тілектер ғана сияқты. 2020 жылы тағы бір бағдарлама ашылатын сияқты. Оның жарнамасын күшейтеді, 60 мың тонна етті экспорттау жоспары сияқты. Сенатта оның мүмкін емес екені айтылды ғой. Бұл бағдарламаны сонша жарнамалап, Елбасының аузына салып қойдыңдар", - деген болатын Қасым-Жомарт Тоқаев.
Асқар Мырзахметов жаңа бағдарламаның қатты жарнамаланғаны туралы сынға келіспейтінін айтты. Оның сөзінше, министрлік өкілдері тек нақты деректермен сөйлейді.
"Алдыңғы бағдарламада жоспарлық болмағанын есепке алсақ, жаңа бағдарламада бұл ескерілді. Нақты индикаторлар көрсетілген, сонда айтылғанның барлығы - бұл бағдарламаның іске асырылған тұстары. Бұл жарнама емес, біз нақты нәтижелерді айттық. Сондықтан әзірге тек жарнама жүріп жатыр деген сынмен келіспеймін. Бұл жарнама емес - бұл дерек", - дейді министр журналистерге отырыстан тыс жерде.
Асқар Мырзахметов министр болып 2016 жылдың 6 мамырында тағайындалған еді.