03 мау, 2021 сағат 14:10

Мусин туристік соқпақтарға ұялы байланыс жеткізу үшін не керек екенін айтты


Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин халық алдындағы есеп беру кездесуінде туристік орындарға ұялы байланыс тарту үшін мемлекеттен қаржы бөліну керектігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ұлттық парктер мен туристік соқпақтарға ұялы байланыс тарату үшін базалық стансалар керек. Базалық станса болуы үшін анттеналы-мачталық құрылғылар салу қажет. Оны орнату онша қиын болмағанымен, оған электр жеткізу қиын. Сондықтан біз осы жұмыстардың шығынын бағалап, Мәдениет министрлігіне жолдаймыз. Осыдан кейін Мәдениет министрлігі қажет қаражаттың көзін іздейді», - деді ведомство басшысы.

Сондай-ақ, ол елімізде 1 200 ауылда 4G жолағының тиісті желісі тартылмағанынн еске салды. 

«Туристік әлеуетті дамытып, тым болмағанда SOS сигнал жіберетіндей мүмкіндік туғызу үшін және ұялы телефон байланысын жеткізу үшін мемлекет нақты қаражат бөлуі керек. Оның жолдарын тиісті министрлікпен бірге пысықтаймыз», - деді Бағдат Мусин.