Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Президенті Владимир Путинге коронавирустан ресейлік дәрігерлер емдегенін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.
"Пандемия кезінде ресейлік тараптың Қазақстанға көрсеткен қолдауы үшін шын көңілмен алғыс айтамын... Ауырып қалғанымда ресейлік дәрігерлер тобы жанымда 10 күндей болғанын еш ұмыта алмаспын. Бұл менің емделуімде маңызды еді. Мұндай нәрсе ұмытылмайды", - деді Назарбаев Путинге Мәскеудегі кездесуде.
"Санкт-Петербургте көрмеге барғанымыз есіңізде ме? Сол кезде біріккен кәсіпорын туралы сөйлескен едік. Міне, енді Қарағандыда кәсіпорын ресейлік вакцинаны шығарып жатыр, тура сондай сапада, көп мөлшерде", - деді Назарбаев.
РИА Новости мәліметінше, Елбасы құндылықтар өзгеретін жаста екенін айтып, Путинге сәттілік пен мықты денсаулық тілеген.
