03 қаң, 2019 сағат 15:09

Мұнай бағасы өсті

Сәрсенбі күні Лондон мен Нью-Йорк биржаларында өткен сауда-саттық қорытындысы бойынша мұнай бағасы көтерілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Лондондағы ICE Futures биржасында наурыз айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 0,93 долларға көтеріліп, бір баррельінің құны 55,08 долларды құрады.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) ақпан айында жеткізілетін WTI маркалы мұнай бағасы 1,13 долларға көтеріліп, баррелінің бағасы 46,54 доллар болды.