18 мау, 2021 сағат 17:32

Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуы үшін не істей аламыз? – Nur Otan партиясы ұсыныс жасады


Бүгін Nur Otan»-ның Отбасы, әйелдер және балалар құқығын қорғау мәселелері жөніндегі республикалық қоғамдық кеңесінің отырысында мүмкіндігі шектеулі балалар үшін мектептер мен балабақшаларда тиісті жағдай жасау, кәмелетке толмағандарды буллингтен қорғау, суицидтің алдын алу және сайлауалды уәделерді орындау мәселелері талқыланды. Талқылау нәтижесінде өңірлерде Отбасы істері басқармаларын құру ұсынылды, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

Статистикаға сүйенсек, елімізде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар 160 мыңға жуық кәмелетке толмаған бала бар, оның 108 мыңы – қалаларда, 53 мыңы – ауылдарда екен. Сонымен қатар, осындай балаларға еліміздегі балабақшалардың 60,8%-ында және мектептердің 79,4%-ында жағдай жасалған. 348 инклюзияны қолдау кабинеттері жұмыс істейді, ерекше балалармен жұмыс істеу үшін 36 мыңнан астам педагог біліктілік арттырудан өткен. 

«Біз осы жылы инклюзия жағдайлары жасалды деп Білім министрлігі ұсынған мекемелердің тізімін зерттедік. Онда ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар бірнеше жылдан бері білім алып келе жатқан мектептер мен колледждер көрсетілген. Сонымен қатар, оларда биыл ешқандай педагогтарды қосымша оқыту және олардың материалдық-техникалық базасын жақсарту жұмыстары жүргізілмеген. Екіншіден, арнайы кабинеттер бұрын ашылған немесе енді ашылып жатқан мектептерде кедергісіз орта жасалмайды. Мысалы, ерекше білім беру қажеттіліктері бар 77 бала оқитын елордалық мектепте лифт жоқ, арбадағы балаларды бір қабаттан екіншісіне көтеріп апаруға тура келеді. Үшіншіден, тізімде тек 1-4 сынып аралығындағы балаларды қамтитын инклюзияны қолдау сыныптары жұмыс істейтін мектептер көрсетілген. 11-сыныпқа дейінгі балаларды оқыту үшін кадрлар даярлау қамтамасыз етілмеген», - деді Кеңес төрағасы, Мәжіліс депутаты Динара Закиева.

Оның айтуынша, білім беру мекемесінде инклюзияны қолдау кабинетін ашқанмен, ол жерде балаларға қаншалықты жағдай жасалып, кедергісіз орта құрылғандығына ешкім назар аудармайды.

Сонымен қатар, аталған жиынға Ішкі істер вице-министрі Қайрат Сүнтаев та қатысып, балалар суициді мәселесін көтерді. Оның айтуынша, осы жылдың 5 айында кәмелетке толмағандар арасында 84 өзін-өзі өлтіру және 164 соған әрекет жасау фактісі тіркелген. 

«Негізінен мұндай фактілер толық емес және әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларда тіркеледі. Сондай-ақ, туындаған жанжалдар, балаларға қатысты зорлық-зомбылық кесірінен де орын алады. Бұл жағдайға виртуалды кеңістіктің әсерін бөлек қарастырған жөн. Министрлік Интернеттің қазақстандық сегментіне тұрақты түрде мониторинг жүргізеді. Биыл зорлық-зомбылықты насихаттағаны үшін 5 мыңнан астам, ал былтыр 10 мыңнан астам шетелдік интернет-ресурс бұғатталды», - деді ол.

Балалар арасында суицидті болдырмау мақсатында алдын алудың бірыңғай әдістемесін енгізген жөн. Ол үшін өмірлік қиын жағдайға тап болған кәмелетке толмағандар мен олардың отбасылары уақтылы көмек алуы керек дейді Кеңес мүшелері. Олардың пікірінше, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссиялардың жұмысын күшейту қажет.

Осылайша, аталған тыңдауда депутат Динара Закиева отбасы істері басқармасын құру қажет екенін атап өтті. Осыған байланысты кеңес өңірлерге осы жұмыстың барлығын үйлестіретін, отбасыларға жүйелі көмек көрсету, отбасы институтын нығайту және, тиісінше, баланың әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін өзара іс-қимыл жасайтын басқарма құру бойынша жұмыс істеуді сұрады.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Nur Otan»-ның Отбасы, әйелдер және балалар құқығын қорғау мәселелері жөніндегі республикалық қоғамдық кеңесінің отырысында мүмкіндігі шектеулі балалар үшін мектептер мен балабақшаларда тиісті жағдай жасау, кәмелетке толмағандарды буллингтен қорғау, суицидтің алдын алу және сайлауалды уәделерді орындау мәселелері талқыланды. Талқылау нәтижесінде өңірлерде Отбасы істері басқармаларын құру ұсынылды.

Статистикаға сүйенсек, елімізде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар 160 мыңға жуық кәмелетке толмаған бала бар, оның 108 мыңы – қалаларда, 53 мыңы – ауылдарда екен. Сонымен қатар, осындай балаларға еліміздегі балабақшалардың 60,8%-ында және мектептердің 79,4%-ында жағдай жасалған. 348 инклюзияны қолдау кабинеттері жұмыс істейді, ерекше балалармен жұмыс істеу үшін 36 мыңнан астам педагог біліктілік арттырудан өткен.