Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді еліміздегі дипломатиялық миссиясын аяқтаған Қырғыз Республикасының Елшісі Жээнбек Кулубаевты қабылдады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
ҚР СІМ-нен мәлім еткендей, тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті жан-жақты нығайтуға бағытталған аса жоғары және жоғары деңгейлерде қол жеткізілген уағдаластықтардың орындалу барысын талқылады.
Сондай-ақ министр Елшіге екіжақты қарым-қатынастарды кеңейтуге және тереңдетуге қосқан үлесі үшін II дәрежелі «Достық» орденін табыс етті.

