Бүгін «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Елордадағы Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде болды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Мұхтар Құл-Мұхаммед жоғарғы оқу орнының профессорлық-оқытушылар құрамы мен студенттерінің алдында сөз сөйледі. Кездесуде «Егемен Қазақстан» газетінің бүгінгі санында жарық көрген Мемлекет басшысының мақаласы әңгіме арқауына айналды.
«Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары ғалымдарға, ұстаздарға және әсіресе еліміздің жастарына Президенттің жаңа ғылыми еңбегін табандылықпен мұқият зерттеп шығуға кеңес берді. Мұхтар Құл-Мұхаммедтің айтуынша, бұл еңбекте қазіргі Қазақстанның басты рухани құндылықтары көрініс тапқан.
«Бұл - мақала ғана емес, мазмұны терең, ауқымы өте кең, ұлт руханиятын ХХІ ғасыр биігіне көтеретін рухани жаңғыру бағдарламасы. Елбасының жүрек төрінен шыққан асыл сөздері сіздерге – тәуелсіз Қазақстан жастарына арналған», - деп атап өтті Мұхтар Құл-Мұхаммед.
Ұлт порталы