27 наурыз – халықаралық театр күні. Осы орайда журналистер Үкімет отырысынан кейін Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлынан театр әртістері мен директорларының орташа жалақысы туралы сұрады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Baq.kz агенттігіне сілтеме жасап.
Ол қазіргі уақытта театрға келетін көрермендердің көп екенін, әр спектакльдің 90%-ында зал лық толы болатынын атап өтті.
«Театр әртістерінің жалақысы 80-нен 140-мыңға дейін және билеттен түскен ақшаға әр театр қосымша жалақы төлеп отыр. Театр өркендеп жатыр, ал халық театрға жақсы барады. Орташа жалақы 130-140 мың деп ойлаймын», - деді ол.
Министрдің ойынша театр директорының да жалақысы осы шамада.
«Оларда да 130-140 мың. Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткеріне қосылады, содан кейін олардың жұмыс өтілі бар, жеке режиссерлік қойылымдар қояды. Олардың жалақысы біршама азаматқа қарағанда жоғары», - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы Үкімет отырысынан кейінгі кулуарда.