Бүгін – мұғалімдер күні. 1994 жылдан бері әлемнің 100-ден астам елінде қазан айының алғашқы жексенбісі мұғалімдердің төл мейрамы болып белгіленген. Қазақстанда мұғалімдердің кәсіби мерекесі қазан айының алғашқы жексенбісінде аталып өтеді. Осы орайда, «Ұлт» порталы қазақсатндық ұстаздардың мәртебесі туралы қарастырып көрді.
Биыл мұғалімдердің мәртебесін көтеру үшін «Педагог мәртебесі» туралы заң қабылданды. Жаңа жылдан бастап ұстаздардың жалақысы 25 пайызға дейін өсті. Сондай-ақ, биыл болашақ педагогтердің стипендиясы 42 мың теңгеге дейін көтерілді.
Сонымен қатар, педагогтердің біліктілік санаты үшін қосымша ақы алатын болды. Осы жылдан бастап колледж оқытушылары біліктілік санатын көтеріп, жалақысының 30-дан 50 процентіне дейін қосымша ақы алатын болады. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов техникалық және кәсіптік білім берудің 80 жылдығына арналған іс-шарада айтты.
«2020 жылдың қаңтар айынан бастап колледж педагогтердің жалақысы артты, алдағы жылдары да арта түспек. Біліктілік санаты үшін қосымша ақы төлеу мәселесі көп жылдар бойы көтерілген болатын. Егер мектептерде мұғалімдер біліктілік санаттары үшін қосымша ақы алса, колледждерде мұндай үрдіс болған жоқ. Енді колледж оқытушылары да ай сайын лауазымдық жалақысының 30-дан 50 пайызына дейін қосымша ақы алатын болады», - деді министр.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін біліктілік санаттары үшін қосымша төлемдерді тек мектеп мұғалімдері алған болатын. «Педагог мәртебесі туралы» заңның қабылдануымен колледж педагогтері де біліктілік санаты берілгеннен кейін ай сайын қосымша ақы алатын болады. Сондай-ақ, колледж директорлары мен директор орынбасарларының атқарған жұмысының тиімділігіне байланысты өз жалақысының 100 процентіне дейін қосымша ақы алу мүмкіндігі бар.
Осы орайда, «Жас маман» республикалық жобасы іске асырылып жатқанын естеріңізге сала кетейік. Бұл жоба колледждерді сұранысқа ие 100 мамандық бойынша жаңғырту және білікті мамандар даярлаудың халықаралық тәжірибесін енгізу мақсат еткен. Бұл бағдарлама еліміздің 180 колледжінде жүзеге асырыла бастады. Осы ретте тек техникалық құрал-жабдық сатып алу ғана емес, сонымен қатар білім беру бағдарламаларын жаңарту да жоспарланған.
«Егер қазір өңірлік білім басқармалары конкурс өткізіп, мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша колледждерге қанша орын берілетінін анықтаса, болашақта бұл шешімді студенттердің өздері қабылдайтын болады. Студенттер қай колледждің бәсекеге қабілетті және жақсы білім беретінін өздері таңдайды», – деді білім және ғылым министрі.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін – мұғалімдер күні. 1994 жылдан бері әлемнің 100-ден астам елінде қазан айының алғашқы жексенбісі мұғалімдердің төл мейрамы болып белгіленген. Қазақстанда мұғалімдердің кәсіби мерекесі қазан айының алғашқы жексенбісінде аталып өтеді. Биыл мұғалімдердің мәртебесін көтеру үшін «Педагог мәртебесі» туралы заң қабылданды. Жаңа жылдан бастап ұстаздардың жалақысы 25 пайызға дейін өсті. Сондай-ақ, биыл болашақ педагогтердің стипендиясы 42 мың теңгеге дейін көтерілді.