Ташкентте мектеп мұғалімі бірінші сынып оқушыларының қолдарын ине және бұрамашегемен шаншыған, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
Жанжал Сергелия ауданының №277 мектебінде басталды, онда мұғалімдердің бірі бірінші сынып оқушыларының қолдарын инемен және бұрамашегемен шаншыған.
Бірінші сынып оқушыларының ата-аналары мұғалімнің үстінен мектеп директорына шағымданған.
Мұғаліммен еңбек шарты бұзылды. Сергелия ауданының ІІО қызметкерлері тексеру жүргізіп жатыр.
Бұған дейін, Шайхантахур ауданының №167 елордалық мектебінде мұғалім бірінші сынып оқушысын ұрып-соққаны белгілі болған еді.