Бүгін Моңғолияның Ұлттық статистика комитеті (ҰҚК) 2021 жылдың қорытындысы бойынша төрт түлік малды және үй жануарларын есепке алу қорытындысын таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат МОНЦАМЭ агенттігіне сілтеме жасап.
Алдын ала қорытындылар бойынша елдегі мал басы 67,3 миллионға жеткен.
Ауыл шаруашылығы, экология және өндіріс статистикасы басқармасының басшысы Е.Мягмархандтың айтуынша, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 6,4 пайызға немесе 268,4 мың басқа өскен.
Жалпы жылқы саны мал басына шаққанда 4,3 млн басты немесе 6,4% -ды, сиыр - 5 млн-ды (7,6%), түйе- 453,5 мыңды (0,7%), қой-31,1 млн-ды (46,2%) және ешкі-26,5 млн-ды (39,3%) құрайды.
Өткен жылмен салыстырғанда қой саны 3,4 пайызға немесе 1 млн-ға , сиыр 6,1 пайызға немесе 288,8 мыңға, жылқы 230,1 мыңға немесе 5,6 пайызға өсті, ешкі мен түйе саны бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда керісінше кемігені байқалады, атап айтқанда ешкі 1,3 млн немесе 4,6%-ға және түйе 19,1 мыңға немесе 4,0%-ға кеміген.