15 нау, 2021 сағат 08:26

Моңғолияда құмды дауылдан алты адам қаза тауып, 81 адам хабарсыз кетті

Моңғолияның Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік басқармасының мәліметінше, 13 наурыздан 15 наурыз сағат 9:00-ге дейін Моңғолияның тоғыз аймағында 548 шопан құмды дауылдың салдарынан хабар-ошарсыз кеткен, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Олардың 467-сі табылды, бес шопан мен бес жасар бала қаза тапты. 

Құтқару жұмыстарын жеке құрам ұйымдастыруда. Жоғалып кеткен 81 шопанды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.