Фото: BBC
Еуропа Одағымен жақындасуды қолдайтын Молдова елінің қазіргі президенті сайлаушыларға сенім білдіргені үшін алғыс айтып, бүгін Молдова жеңіске жеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ult.kz.
«Молдова, сен жеңдің! Болашағымыз үшін дауыс берген ешбір адам жеңілген жоқ. Мен сіздердің дауыстарыңызды естідім – мені қолдағандарды да, Александр Стояногло мырзаға дауыс бергендерді де. Мен сіздердің барлығыңыздың президенттеріңіз болуға уәде беремін», – деді Санду.
Жергілікті уақыт бойынша түнгі екіге дейін 98,8% учаскелердің дауыстары саналып біткен кезде, Санду шамамен 55% дауыс жинады, ал оның қарсыласы, бұрынғы бас прокурор Александр Стояногло шамамен 45% алды.
BBC мәліметінше, қазіргі президент шетелде тұратын молдавандардың дауысының арқасында жеңіске жетті.