Уақытша бөгеттің бұзылуы салдарынан Айова штаты Давенпорт қаласын (АҚШ) су басып қалды. Судың деңгейі 1,8 метрге жетті. Тұрғындардың көпшілігі аман қалу үшін жанталасып үйлердің шатырына шықты. Ал, басқаларын құтқарушылар қайыққа салып эвакуациялады, деп хабарлайды The Weather Channel.
Оқыс оқиға уақытша бөгеттің жарылуынан болды. Ол арнасы тасыған Миссисипидің тармағы - Миссури өзенінен қаланы қорғап тұрған еді. Мұнда су деңгейі өте жоғары, әлі де көтеріліп жатыр. Жұмысшылар бөгетке құм салынған қаптарды қойып, бекітпекке әрекеттенді. Алайда, бұл шара еш нәтиже берген жоқ.
Су тасқыны салдарынан бірнеше автомобиль жолдары жабылды.
Ұлттық метеорологиялық қызмет Миссисипиде судың деңгейі ең жоғары рекордтық көрсеткішке дейін көтеріледі деп болжап отыр.