Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин телефон алаяқтарына қалай жауап беретінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Үкімет кулуарында журналистер министрден алаяқтармен күресудің әдістері туралы сұрады.
"Цифрлық даму министрлігі телеком-опереторлармен бірлесіп, жалған нөмірлердің бұғатталуы үшін жұмыс жүргізіп жатыр. Алаяқтықтың мәні қоңырау шетелден келуінде, біздің операторлар оны әдеттегі қоңырау ретінде көреді, телефон нөміріміз роумингте, сол жерден қоңырау келеді. Бұл - алаяқтықтың жаңа түрі.
Бірақ роумингтен келетін қоңырауларды бұғаттау тұрғысынан байланыс операторларымен тиісті жұмыс жүргіземіз, меморандумға қол қойылды. Белгілі бір технологияларды тестілеу екі операторда жүргізілді, жарнамаламау үшін атауын атамаймын, олардың дайындығы жоғары, үшінші оператормен сатып алу процедурасы жүріп жатыр, төменгі деңгейге әсер ете алмаймыз, бұлар - жеке операторлар", - деді Мусин.
Алаяқтар министрге де қоңырау шалған екен.
"Иә, олар қоңырау шалды, қарапайым жауабым бар. Осындай қоңырау келсе, қазақ тілінде жауап беремін, олар тұтқаны қоя салады", - деп түйіндеді ол.