#
#
Жексенбі 09/08/2020

Министр медицина қызметкерлерінің құқығын қорғауға уәде берді

  • 07.07.2020
  • 0
  • 141

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдегі медицина қызметкерлерінің құқығын барынша қорғауға уәде берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әріптестеріміздің әрбірінің орны бөлек. Басқасы басқа, дәл қазір ең қажетті кадрлардың алдыңғы шебіне медицина қызметкерлері шықты. Жекелеген өңірлерде медицина мамандары қуғынға ұшырап жатқан жағдайлар бар. Бірақ мұның бәрі заңнамамен реттеледі. Туындаған әрбір мәселе жеке қаралады. Резонансты жағдайлар да жоқ емес. Мәселен, жақында ғана Түркістан облысында дәрігерлердің бірі қолғаптардың жыртылып кетіп жатқанын ролик арқылы көрсеткені үшін жұмыстан шығарылған. Біз қазір осы жағдайды назарға алдық. Бұл дәрігер басқа емханаға ауыстырылды, лауазымы өсті. Бөлім басшысы болып тағайындалды», - деді Алексей Цой ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Министр медицина қызметкерлерінің құқығын барынша қорғауға уәде берді.

«Медициналық ұйым басшыларының тарапынан қандай да бір әділетсіздіктер жасалса, қашан да қарауға дайынбыз. Облыстық денсаулық сақтау басқармаларына тиісті тапсырма беріледі. Бұл мәселеге назар ерекше. Өзіміздің медициналық қызметкерлерді сөзсіз, барынша қорғаймыз. Алайда, бәрі де заң аясында шешілуі тиіс», - деді Алексей Цой.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар