Фото: NewsGeorgia
Сайлауда жеңіске жеткен Михаил Кавелашвили ресми түрде Грузия президенті қызметіне кірісті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Парламенттің жалпы мәжіліс залындағы салтанатты рәсімде Кавелашвили ант қабылдады, одан кейін мемлекеттік әнұран шырқалды. Салтанатты шараға сайланған президенттің отбасы мүшелері, парламент депутаттары, грузин православие шіркеуінің және басқа конфессиялардың өкілдері, сондай-ақ Грузияның басқа да ресми тұлғалары қатысты.
Зурабишвилидің наразылығы
Билік мерзімі 29 желтоқсанда аяқталатын Грузия президенті Саломе Зурабишвили Тбилисидегі Орбелиани сарайындағы резиденциясынан өз еркімен кетіп қалды, бірақ ол өкілеттігінен бас тартар ойы жоқ.
АНЫҚ-ҚАНЫҚ
«Мен бұл жерден кетіп, заңдылықты өзіммен бірге алып жүремін. Мен резиденцияда болсам да, болмасам да ештеңе өзгермейді. Заңды президент осында жүрген кезде, бұл президенттік резиденция нағыз рәміз болды. Мен Грузияның жалғыз заңды президенті болып қала беремін», - деді Саломе Зурабишвили резиденцияның жанындағы жақтастарына сөйлеп.
Оның сөз сөйлеуі 14 желтоқсанда биліктегі ресейшіл «Грузин арманы» партиясы Грузия президенті болып сайланған Михаил Кавелашвилидің инаугурация рәсімімен қатар өтті.
Зурабишвили инаугурацияны «еркіншілік» деп атап, жаңа парламенттік сайлауды тағайындау үшін күресті жалғастыруға уәде берді.
Еске сала кетсек, бұрынғы футболист Кавелашвили Грузия президенті болып сайланған.
Ал одан кейін Грузияда мыңдаған адам парламент сайлауын қайта өткізуді талап етіп алаңға шықты.
БОЙКОТ
Сайлау межесін еңсеріп, 61 депутат мандатына ие болған төрт оппозициялық партия бірінші сессияға бойкот жариялады. Себебі сайлау нәтижелері бұрмаланды деп мәлімдеді. Грузия президенті Саломе Зурабишвили де жаңа парламентті мойындамайды.
Грузияның Жас заңгерлер ассоциациясы (АМЮГ) "жаңа парламент мүшелерінің өкілеттілігін мойындау Конституция мен парламент регламентін бұзады" деп мәлімдеді.
АМЮГ жаңадан сайланған парламент мүшелерін "Грузия Конституциясының талаптарына бағынуға" шақырып, Конституциялық сот шешімі шыққанша сессияны тоқтатуды сұрады.
Зурабишвили бұған дейін сайлау нәтижелерін конституцияға қайшы деп тану туралы сотқа шағымданған болатын.
НАРАЗЫЛЫҚ
Парламент ғимаратының алдында жиналғандар да осындай талаптарды білдіруде.
ГРУЗИЯДАҒЫ ПАРЛАМЕНТ САЙЛАУЫ
Грузияның Орталық сайлау комиссиясы 16 қарашада 2024 жылғы 26 қазанда өткен парламенттік сайлаудың нәтижелерін ресми түрде бекітті. Комиссия мәліметтері бойынша "Грузин арманы" партиясы шамамен 54 пайыз дауыс жинап, 150 орыннан 89-ына ие болды. "Өзгерістер коалициясы" 19 депутат мандатын, "Біртұтас ұлттық қозғалыс" – 16, "Күшті Грузия" – 14, "Грузия үшін" – 12 мандат алды.
Грузия президенті Саломе Зурабишвили мен оппозициялық партиялар сайлау нәтижелерін жүздеген бақылаушылардың анықтаған құқық бұзушылықтары мен дауыс берудің құпиялылығына қатысты сұрақтарға байланысты мойындамады. Орталық сайлау комиссиясы мен "Грузин арманы" кез келген бұрмалаушылықты жоққа шығаруда.