«Қазгидромет» РМК 7-10 наурыз аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Алдағы демалыс және мейрам күндері Қазақстан аумағындағы ауа райы тез алмасатын көктемгі құбылмалы атмосфералық процестерге байланысты болады.
Еліміздің солтүстігінде атмосфералық ағындар өтетіндіктен қар жауып, боран соғады. Батыстан күшті жел тұрады және көктайғақ күтіледі. Ал, оңтүстікте кей жерлерде жауын-шашын болады. Ауа температурасы республика бойынша климаттық нормадан жоғары болады. Түнде және таңғы уақытта тұман түсуі ықтимал.