15 мамырдан 15 маусымға дейінгі аралықта «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысуға өтінім қабылданады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне сілтеме жасап.
Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер қажетті құжаттармен қоса арнайы нысан бойынша аудандық (қалалық) комиссияларға беріледі.
Отбасы құндылығын дәріптеуді көздейтін ұлттық конкурс аясында еңбек пен спортта, шығармашылық пен зияткерлік салаларында, ғылым мен өнерде үлгі болар жетістіктері бар отбасылар кіл жүйрікте кім жүйріктіні анықтау үшін сайысқа түседі.
Барлық өңір бойынша үздік шыққан 17 отбасыға «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының лауреаты атағы беріледі.
Толық ақпарат министрліктің сайтында орналастырылған.