04 нау, 2019 сағат 12:52

Мерекелер карсаңында қосымша пойыздар жолға шығады

Алдағы көктем мерекелері қарсаңында «Жолаушылар тасымалы» АҚ қосымша біржолғы пойыздарды жолға шығарады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Нақты айтқанда, аталған компания дерегіне сәйкес, №202/201 «Астана-1-Павлодар» пойызы қатынайтын болады. Жолаушылар көлігі Астана-1-ден 20, 24 наурыз күндері жөнелтіледі, ал Павлодардан 21, 25 наурыз күндері кері шығады. №204/203 «Астана-1-Алматы-1» пойызы Астана-1-ден 20, 24 наурыз күндері, ал Алматы-1-ден 21, 25 наурыз күндері; №205/206 «Алматы-2-Арыс-1» пойызы Алматы-2-ден 7, 21 наурыз күндері, ал Арыс-1-ден 9, 23 наурыз күндері қатынайды. №241/242 «Қызылорда-Атырау» пойызы Қызылордадан 20, 22, 24 наурыз күндері, ал Атыраудан кері бағытта 21, 23, 25 күндері жүреді.

Сонымен қатар, №49/50 «Алматы-2-Орал» бағытындағы пойыздың қосымша құрамы Алматы-2-ден 13 наурыз күні шықса, Орал қаласынан 16 наурыз күні кері қатынайды.

«Компания әр уақытта пойыздардың жолаушылармен толуын қадағалап, арнайы сараптама жүрігізіп отырады. Осы сараптаманың негізінде жолаушылар тарапынан сұранысты қанағаттандыру үшін қосымша вагондар мен поездар іске қосылады. Алдағы мерекелер қарсаңында ұлттық тасымалдаушы вагон паркін 100 пайыз пайдалануды көздеп отыр», - деп атап өтеді компаниядан.