20 нау, 2023 сағат 16:04

Мереке қарсаңында доллар бағамы көтерілді

Сурет: ru.depositphotos.com

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы қайта көтерілді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 2,15 теңгеге көтеріліп, 462,36 теңге болды. Айта кетейік, АҚШ валютасының 18-20 наурыздағы ресми бағамы - 460,79 теңгеге тең.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 460,97 теңге, сату – 465,19 теңге. Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 460,13 теңгеден сатып алынып, 463,93 теңгеден сатылып жатыр.