26 қыр, 2019 сағат 15:13

Мен бапкер әзірлеген тактиканы ұстануға тырыстым - Абылайхан Жүсіпов

Қарағандылық боксшы Екатеринбург қаласында өткен әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды. Абылайхан Жүсіпов 69 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен еді.

Жартылай финалда Абылайхан Жүсіпов 2009 жылғы Әлем чемпионатында Серік Сәпиевті жеңген ресейлік Андрей Замковойға есе жіберді. Алайда жартылай финалдағы жеңіліске қарамастан, боксшының айтуынша, бұл жекпе-жек тартысты өткен.

«Мен бапкер әзірлеген тактиканы ұстануға тырыстым. Әрине, кемшіліктер болды. Біз әлі жекпе-жекті талдап үлгерген жоқпыз, бірақ міндетті түрде оны зерделеп, қателікпен жұмыс істейміз», - деді боксшы.

Спортшының айтуынша, бұл әлем чемпионаты ол қатысқан ең күтпеген оқиғалардың бірі болды. Себебі еліміздің әрбір салмақ дәрежесінде бұрын халықаралық аренада өнер көрсетпеген жас былғары қолғап шеберлері бақ сынады.

Қазір Абылайхан Жүсіпов Қытайдағы лицензиялық турнирге дайындық үстінде. Бұл чемпионатта сәтті өнер көрсету біздің боксшымызға Токиода өтетін 2020 жылғы Олимпиада ойындарына лицензия алуға мүмкіндік береді.