03 мау, 2020 сағат 06:54

"Мемориал": Ресейде екі жыл ішінде саяси тұтқындар күрт көбейді

Ресейде соңғы екі жыл ішінде саяси тұтқындар күрт көбейді, осы уақыт аралығында олардың саны 184 адамға көбейіп, 314 адамға жеткен. "Мемориал" құқық қорғау орталығының 2 маусымда жарық көрген баяндамасында осындай мәлімет айтылады. 

Құқық қорғаушылардың айтуынша, соңғы кезде саяси тұтқындардың басым бөлігі "ар-ұждан бостандығы құқығын жүзеге асыруға" байланысты тұтқындалған. 

"Мемориал" орталығы Қылмыстық кодекстен ар-ұждан және діни сенім бостандығы құқығын бұзу туралы бапты алып тастау қажет деп санайды. Құқық қорғау орталығы бұған қоса митинг өткізу ережесін бірнеше рет бұзу, Ресейдің территориялық тұтастығын бұзуға шақыру, нацизмді ақтау, шетел агенті деп танылған коммерциялық емес ұйымдардың әрекетімен байланысты баптарды алып тастау қажет деп есептейді.