#
#
Дүйсенбі 06/07/2020

Мемлекеттік ЖОО басшыларын тағайындау қағидаттары бекітілді

  • 29.05.2020
  • 0
  • 187

Жекелеген мемлекеттік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын тағайындау қағидаттары бекітілді. Бұл туралы қаулы ҚР Үкіметінің ресми сайтында жарияланды.

***

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №336 Қаулысы

Бірінші басшыларын Қазақстан Республикасының Үкіметі лауазымға тағайындайтын және лауазымынан босататын мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесін және оларды лауазымға тағайындау, лауазымынан босату және аттестаттау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

Қоса беріліп отырған:

1) бірінші басшыларын Қазақстан Республикасының Үкіметі лауазымға тағайындайтын және лауазымынан босататын мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесі;

2) Жекелеген мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын бірінші басшыларын лауазымға тағайындау, лауазымынан босату және аттестаттау қағидалары бекітілсін. 

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар