11 шіл, 2019 сағат 13:00

Мемлекеттік қызметшілер үшін киберқауіпсіздіктен онлайн-курстар өткізіледі

Қазақстанда мемлекеттік қызметшілер үшін киберқауіпсіздіктен онлайн-курстар өткізіледі. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінен мәлім болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Атап айтқанда, министрлік Cisco желілік академиясымен бірлесіп, мемлекеттік қызметшілер үшін онлайн оқу курстарын ұйымдастырып отыр. Мұндағы басты мақсат - қызметшілердің ақпараттық қауіпсіздікке төнетін қауіп-қатерлерден хабардар болу деңгейін арттыру.

«2019 жылғы 1 шілдеден 1 қазанға дейін Қазақстанның 20-дан астам мемлекеттік және 17 жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері тегін оқытылады. 5 аптаға есептелген оқыту бағдарламасы 5 блоктан тұрады», - делінген ведомство мәліметінде.

Cisco желілік академиясының оқу бағдарламасына қатысуға ниет білдіруші мемлекеттік қызметшілер бағдарлама сайтына кіріп, тіркеле алады.

Қазақ тілінде оқушылар мына, сондай-ақ орыс тілінде оқушылар үшін осы сілтеме арқылы тіркелу қажет.