02 шіл, 2021 сағат 11:40

Мемлекет басшысы Сыртқы саясат саласының қызметкерлерін құттықтады


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сыртқы саясат саласының қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады.

«Сыртқы саясат саласының қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтаймын! Сіздердің негізгі міндеттеріңіз – ұлттық мүддені ілгерілету және қорғау, еліміздің халықаралық аренадағы беделін арттыру. Бұл бағытта айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді. Сіздерге осы жауапты мемлекеттік миссияны атқаруда табыс тілеймін!», - деп жазды Президент twitter-де.

Еске салсақ, бүгін елімізде Дипломатиялық қызмет күні атап өтілуде.