Мексикада метрополитендегі апатқа байланысты үш күндік ұлттық аза тұту күні жарияланды. Апаттан көптеген адам қаза тапқан еді. Президент Андрес Мануэль Лопес Обрадордың тиісті Жарлығы сейсенбі күні кешке ел үкіметінің ресми басылымы Diario Oficial de la Federacion-да жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«3 мамырда Мехико метрополитенінің 12-ші жолындағы қайғылы жағдайға байланысты үш күндік ұлттық аза тұту күні жарияланды» делінген құжатта.
Мехиконың оңтүстігіндегі «Оливос» станциясының маңындағы метро бекеті дүйсенбі күні кешке қарай артынан келе жатқан құраммен бірге құлады. Салдарынан шамамен 10 м биіктіктен екі вагон құлаған. Ресми мәліметтерге сәйкес, 24 адам қайтыс болды. Кем дегенде 79 жолаушы зардап шекті.
Бұған дейін Мехикода аза тұту жарияланды. Апат болған желі белгісіз мерзімге пайдаланудан шығарылды.