28 ақп, 2021 сағат 13:46

Мексикада қарулы шабуыл салдарынан 11 адам қаза тапты

Мексиканың Халиско штатында болған қарулы шабуыл салдарынан 11 адам қаза тауып, тағы екеуі жарақат алды. Бұл туралы Publimetro басылымы хабарлады.

Оқиға Тонала муниципалитетінің астаналық Гвадалахара ауданында орын алған. Прокуратураның мәліметінше, бір топ ер адам үйдің жанында сыра ішіп тұрғанда, сол жерге жүк көлігін мінген белгісіз біреулер келіп, оқ жаудыра бастаған. Қаза болғандардың арасында бір жасөспірімнің бар екені атап өтіледі. Тағы екі адам – бір әйел мен бала оқ жарақатын алған, оларға медициналық көмек көрсетілді. 

Оқиға болған ауданда күш құрылымдарының тікұшақтардың қатысуымен арнайы іс-шаралары жүргізілуде. Прокуратура тергеу ісін бастады.