06 шіл, 2020 сағат 16:15

Медведев Елбасыға Қазақстанды дамыту жоспарларын одан әрі жүзеге асыра беруін тіледі

Елбасы Ресей Федерациясының Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" elbasy.kz-ке сілтеме жасап.

Дмитрий Медведев Елбасын мерейтойымен құттықтап, зор денсаулық, қажымас қайрат және Қазақстанды дамыту бойынша жоспарларын одан әрі жүзеге асыра беруін тіледі. 

Ресей Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұлт Көшбасшысы мәртебесі Қазақстан мен Ресей арасындағы көпжақты ықпалдастықты және интеграциялық бағыттағы сабақтастықты қамтамасыз етуге зор үлес қосуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Елбасы Дмитрий Медведевке жылы лебіздері үшін алғысын білдірді және бірлескен жұмысты, оның ішінде екі елдің Қауіпсіздік кеңестері мен билеуші партиялары – «Nur Otan» мен «Единая Россия» арқылы жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

Телефон арқылы сөйлесуге Ресей тарапы бастамашы болды.