Еліміздің көптеген медициналық ұйымдары дәрі-дәрмекті қасақана қымбат бағаға сатып алып отырған. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің төрайымы Людмила Бұйрабекова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оның айтуынша, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2018 жылдың қортындысына арналған кеңейтілген алқа мәжілісінде жария етілген деректерге сәйкес ведомство Елжан Біртановтың тапсырмасымен еліміздің 70 медициналық мекемесіндегі дәрілік заттарды ұтымды пайдаланылуына, психиатриялық, онкологиялық аурулармен, АИТВ/ЖИТС және туберкулезбен ауыратын науқастарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету барысына талдау мониторингі жүргізілген.
«Мониторинг нәтижесінде қажеттіліктің артық қалыптасуы, науқастардың дәрілік заттармен толық көлемде және тұрақты қамтамасыз етілмеуі, дәрі-дәрмектің тиімсіз пайдаланылуы деректері анықталды», - деді комитет төрайымы.
Л.Бұйрабекованың мониторинг барысында анықталған барлық деректер шара қабылдануы үшін еліміздің Бас прокуратурасына жіберілген. Сонымен қатар қазіргі уақытта ҚР ДСМ Фармация комитетінің аумақтық департаментері өкілдерінің қатысуымен аймақта мониторингтің еінші кезеңі жүргізіліп жатыр.