Еуразиялық интеграция институтының сарапшысы Самат Нұртаза Мәжіліске депутат болып сайланған азаматтарға қатысты әлеуметтік желідегі парақшасында пікір білдірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
"Партиялар өз тізімдерін нақтылады. Жұмыс басталды. Ел үшін қызмет ететін тұлғалар Мәжлісте бас қосты деп сенемін.
Жалпы Мәжлістің бұл құрамы - қоғам мен биліктің арасындағы диалогтың болғанынан пайда болған құрам. Әр депутат қоғамның сеніміне кіріп, қоғамның ішінен "Еститін" депутат болатынына сенімдімін.
Тізім жаңарды. Жаңа есімдер - жаңа дүмпу мен жаңа серпіліс әкеледі деген ойдамын. Қоғам есейді. Қоғам ашылды. Қоғам барлығын бақылап отыр. Сондықтан Мәжілістің осы құрамы - "Елдің құрамы" деп толық айтуға болатын шығар.
Депутаттар тізімі де пропорцияланғаны байқалуда. Жастар мен әйел адамдар үлесі де, демократия мен либерализация талабына жасалып, ешкім шектеуде қалмады", - деді ол.