Саяси Кеңес Бюросының қаулысымен Nur Otan партиялық тізімі бойынша Парламент Мәжілісі депутатының мандаты мерзімінен бұрын шығарылған Қанат Мусиннің орнына Нұрлыбек Ожаевқа тапсырылды, - деп хабарлайды партияның "Ұлт ақпарат" Twitter-парақшасына сілтеме жасап.
Нұрлыбек Ожаев 1964 жылы 3 шілдеде Атырау облысының Махамбет ауылында дүниеге келген.
1986 жылы Батыс Қазақстан Ауыл шаруашылығы институтын "инженер-механик" мамандығы бойынша, 2010 жылы Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін "заңгер" мамандығы бойынша бітірген.
Партия баспасөз қызметі мәліметі бойынша, соңғы 5 жылда Nur Otan партиясы Атырау облыстық бөлімше төрағасының бірінші орынбасары болған.
Еңбек жолын комбайнерлер бригадасының шебер-реттеушісі ретінде бастады. Әр жылдары Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы "Ынталы" совхозының комсомол комитетінің хатшысы, Атырау облысы Махамбет аудандық әкімшілігінің аға референті, Махамбет аудандық Жастар ісі, туризм және спорт бөлімінің бастығы, Махамбет ауданы әкімдігі аппаратының басшысы, Махамбет ауылдық округінің әкімі қызметін атқарған.
