23 қыр, 2020 сағат 07:18

Мәжіліс депутаты Асылбек Смағұловтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды

ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Асылбек Смағұловтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«ҚР Парламенті Мәжілісінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі Смағұловты ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі қызметіне тағайындау туралы қаулысының негізінде қабылданған ҚР ОСК-ның 2020 жылғы 16 қыркүйектегі қаулысына сәйкес, депутат Асылбек Айжарықұлының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуды ұсынамын», - деді Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Қанат Мусин. 

Жалпы отырыс барысында палата депутаттары аталған ұсынысқа қолдау білдірді.