Майк Тайсон мен кіші Рой Джонстың жекпе-жегі 12 қыркүйекте Калифорнияда (АҚШ) өтеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" sports.kzс айтына сілтеме жасап.
Жекпе-жек 8 раунд форматында болады.
Сәуір айының соңында Тайсон рингіге оралуға ниетті екенін хабарлаған еді. 54 жастағы америкалықтың есебінде 50 жеңіс (44 нокаут), 6 жеңіліс бар, тағы екі жекпе-жек өтпеді деп танылды. Оның соңғы айқасы 2005 жылдың 11 маусымында өтті. Онда америкалық боксшы ирландық Кевин Макбрайдтан жеңіліп қалған болатын.
50 жастағы Джонс 2018 жылы спорттағы карьерасын аяқтаған еді. Оның қоржынында 66 жеңіс (47 нокаут) пен 9 жеңіліс бар.